8 айда Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі 43 млрд. теңгенің өнімін өндірді

/uploads/thumbnail/20170708195819663_small.jpg

Ағымдағы жылдың 8 айында еліміздегі жеңіл өнеркәсіп өнімінің көлемі 43 млрд. теңгені құрады. Кәсіпорындар 21,2 млрд. теңгенің тоқыма бұйымдарын, 17,9 млрд. теңгенің киім-кешегін, 3,7 млрд. теңгенің тері өнімдерін шығарды. Бұл туралы Қамшы порталы Baq.kz –ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтық жеңіл өнеркәсіп кластерін құру үшін «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ тоқыма өндірісімен айналыстан кәсіпорындарды сауықтыру бағытында бірқатар шараларды қолға алды. Осы мақсатта ең алдымен «Textiles.kz» компаниялар тобының кәсіпорындарын шикізатпен (мақта талшықтары) қамтамасыз ету, «Ютекс-KZ» ЖШС тоқыма фабрикасының құрылысын аяқтау, «Меланж» АҚ мен «Ютекс» АҚ кәсіпорындарын іске қосу жоспарланып отыр.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын қаржылай қолдаудың нәтижесінде, бірінші жартыжылдықта 23,6 млрд. теңгеге 115 жобаға қолдау көрсетілді. Қазақстандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жалпы құны 182 млрд. теңге болатын ұзақ мерзімді 342 келісім жасасқан.

Айта кетейік, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы құны 22 млрд. теңгенің 8 жеңіл өнеркәсіп жобасы іске асты. Соның аясында 6,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 1,5 мың жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ, осы күндері АЭА аумағында жалпы инвестиция көлемі 89,3 млрд. теңгенің 10 жобасы қолға алынуда. Жыл соңына дейін құны 4,4 млрд. теңгенің 2 жобасы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал ол кезде 370 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар