Кемтар балалардың несібесін жеп қойғандар ұсталды

/uploads/thumbnail/20170708195916711_small.jpg

Жақында Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалардың тамағы мен киім-кешегіне мемлекеттік қазынадан бөлінген қаржының қолды болғандығы анықталған. Бұл туралы «Қамшы» порталы Total.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің  мәліметтеріне сүйенсек, мемлекеттік қазынадан бөлінген қаржыны жымқыру фактілері еліміздің бес облысында  анықталған.

Сонымен, Алматы қаласында орналасқан кемтар балаларға арналған психоневрологиялық патология орталығының директоры мен есепшісі орталықтың тамаққа бөлінетін қаржысынан 546 105 теңгені жеке мүддеге пайдаланған. Аталмыш факті бойынша қазір сот сараптамалық тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы мамандандырылған бөбектер үйінен 3,9 миллион теңге (азық-түлік, гигиеналық заттар, киім-кешектерге бөлінген) дәл осындай жолмен қолды болған. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, аталмыш бөбектер үйінің қойма меңгерушісі Саккулиева шартты түрде 5 жылға  бас бостандығынан айырылған.

Сондай-ақ, кәмелет жасқа толмағандарға әлеуметтік жеңілдіктер үшін бөлінген қаражат та орта жолда қолды болғандығы белгілі болды. Тергеу жұмыстарының нәтижесінде аз қамтылған және мүмкіншілігі шектеулі балаларға бөлінген 3,9 миллион теңге мемлекет қазынасына қайтарылған.

Ал, Қостанай облысында  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 15 кемтар бала жалпы сомасы 1,6 миллион теңгені құрйтын, мемлекеттен бөлінуі тиіс әлеуметтік жәрдемін алмаған.

Ал, Атырау облысында прокурорлар мүмкіншілігі шектеулі 33 балаға 900 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақысын қайтарып берген.

Мұндай фактілер Маңғыстау және Алматы облыстарында да тіркелген.

ҚР Бас прокуратурасының арнайы тексеруінің нәтижесіәнде 3129 баланың конституциялық құқығы қорғалған және аталмыш фактілер бойынша 11 қылмыстық іс қозғалып, 706 адам жауапқа тартылған.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар