Қырғызстандағы парламент сайлауында билік партиясы көш бастап тұр

/uploads/thumbnail/20170708195917430_small.jpg

Қырғызстандағы биылғы парламент сайлауына 120 депутаттық креслоға 14 партиядан 2,5 мыңға жуық үміткер таласуда. Жалпы сайлау учаскелерінің саны- 2374 болғанымен, Бішкек және Ош қалаларында қосымша 46 учаске ашылған. Дауыс берушілердің қорытынды саны 2 млн 761 мың 297 адамды құраған. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

Ал, Қырғыстанның Жогорку Кенешіне сайланатын депутаттардың қорытындысы 24-қазан күні (20 күннен кешікпейді) белгілі болады.

Сайлаудың қазіргі нәтижелері бойынша билік басындағы партия қырғыз сайлауында көш бастап тұр.

Қазіргі таңда алты бірдей партия сайлаудағы тиісті нәтижелеріне қол жеткізген.

Атап айтар болсақ, президенттік Социал-демократиялық партия – 27,45 пайызға ие болса, оппозициялық «Республика-Ата Жұрт» партиясы-20, 13 пайыз дауыс жинаған. Ал «Қырғызстан» партиясы 12,81 пайызды, «Онгуу-Прогресс» партиясы – 9,29 пайыз, «Бир-Бол» партиясы – 8,44 және «Ата-Мекен» партиясы – 7,74 пайыз межелі дауысты жинаған.

Қазіргі таңда парламент сайлауына тұрғындардың 1,5 миллионға жуығы дауыс берген. Бұл дауыс берушілердің 60 пайызын құрайды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар