ИЛИМ бүлікшілері Пальмира қаласындағы ежелгі салтанат қақпасын қиратты

/uploads/thumbnail/20170708195918102_small.jpg

Бейрут. Сириялық белсенділердің жексенбі күні кешке берген мәліметтері бойынша ИЛИМ бүлікшілері ежелгі Пальмирада орналасқан 2000 жылдық тарихы бар салтанатты қақпаны бұзған. Бұл туралы «Қамшы» порталы foxnews.com-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Аталмыш қақпа қаланың орталық бөлігіндегі ең танымал орындардың бірі болса керек. Жергілікті халық күні кешеге дейін оны «Шөл қалыңдығы» деп еркелетіп атап келген екен. Осы және өзге де монументтердің жиынтығы түп тарихы Парсы елімен, Рим империясымен байланысты әйгілі ұстынтізбек (колоннада) жалғасқан көшелердің көркі болған.

Пальмира ежелгі кешеніндегі халық сенетін Құдайлар ғибадатханасы да шабуылдың астында қалған. «Ежелгі жәдігерлер пұтқа табынушылықты насихаттайды, сондықтан олардың көзін жою керек» деп мәлімдеген екен бүлікшілер тобы. Десе де, тарихи орындардан тапқан көне бұйымдарды олар едәуір үлкен сомаға сатуды жоспарлап отыр.

Соңғы аптада ИЛИМ бүлікшілері Пальмирадағы 2000 жылдық екі әйгілі ғибадатханы, үш ежелгі мазарат орналасқан мұнараны жарған болатын. Соңғы талқандалған мәдениет орны бүлікшілердің қолына ағымдағы жылдың мамыр айында түскен көрінеді.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар