Әлем бойынша кедейлік деңгейі 10 пайызға төмендеді

/uploads/thumbnail/20170708195920211_small.jpg

«Тарихымызда алғаш рет кедейлік деңгейі бір разрядты цифрға дейін төмендеді», - деп мәлімдеді Әлемдік банк өкілдері. Бұл туралы «Қамшы» порталы bbc.com-ға сілтеме бере отырып хабарлайды. 2012 жылы 12,8 пайызды құраған көрсеткіш биылғы жылы бірден 9,6 пайызға төмендепті.

Сахараның оңтүстігіндегі халықтың кедейлік көрсеткіші биылғы болжам бойынша 2012 жылғы 42,6-дан 35,2 пайызға төмендемек. «Қалай болғанда да бұл әлемдік кедейлік көрсеткішінің тең жартысын құрап тұр» - деп алаңдаушылық білдірді Әлемдік банк Президенті Джим Ен Ким.

«Десе де, біз – кедейлікпен мүлде қош айтысуға мүмкіндігі бар адамзат тарихындағы алғашқы буын өкілдеріміз», - деді, қуанышымен бөліскен Президент мырза.

Аталмыш тенденцияның дамушы мемлекеттердегі білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау сынды салаларға салынған инвестициялардың қарқынды өсімімен түсіндірілетінін айтты банк өкілдері. 

Дегенмен, Ким мырза: «Әлемдік экономика өсімінің тоқтап тұрғаны, қаржылық нарықтың тұрақсыздығы, түрлі қақтығыстар, жастар арасындағы жұмыссыздық және климаттың үнемі өзгеріске ұшырау сынды мәселелер аталмыш прогресстің жалғасуына кері әсерін тудыруы мүмкін», - деп ескертті.

Бірақ, біраз мемлекеттерде дау-дамайлардың салдарынан немесе шикізат тауарларының шамадан тыс экспортына байланысты кедейліктің белең алып кетуі заңды құбылыс екенін айтып өтті банк өкілдері.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар