Елімізде травматикалық қарулардың барлық түріне тыйым салынады

/uploads/thumbnail/20170708195920961_small.jpg

Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде резеңке оқ ататын газды-травматикалық және травматикалық қаруға тыйым салынады. Бұл туралы «Қамшы» порталы NUR.KZ-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тыйым салынған қаруды өткізбегендер тіркеу мен рұқсат қағаздың барына қарамастан, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Травматикалық қаруларды сатып алу акциясы осы жылдың басында басталған болатын. Құқық қорғау органдарына өз еркімен тапсырылған әр қаруға мемлекеттен сыйақы ретінде берілетін ақшаның сомасы 30 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін жеткен.

Өзін қорғану үшін рұқсат етілген қарулар арасында енді тек газбен ататын газды тапаншалар мен электрошокерлер ғана бар.

Оларды сатып алу үшін Ішкі істер органынан рұқсат алу қажет.

Қатысты Мақалалар