Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын әлем саясаткерлерінің ішінде Германия канцлері Ангела Меркельдің алу мүмкіндігі мол, деп жазады шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары.
Бұл туралы «Қамшы» порталы Total.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Норвегиядағы әлемдік мәселелерді зерттеу институтының директоры Кристиан Берг Харвикеннің айтуынша, неміс канцлері Украинадағы дағдарыс пен босқындар мәселесі кезінде белсенділік танытып, өзіне үлкен жауапкершілік алған.
«Ол нақты әрі қиын пікірталастардан қорықпайды. Біз оның осы жүлдеге үміткер болып, кейін ұтып шығатынына сенімдіміз», – дейді Харвикен.
Айта кетейік, бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев алты мәрте ұсынылғанымен бүкіләлемдік бұл сыйлық қазақ көшбасшысына бұйырмаған болатын.
Бұл сыйлықты осының алдында АҚШ президенті Барак Обама алған.
Нобель сыйлығын табыстау рәсімі дәстүр бойынша 10 желтоқсан күні өтеді. Дәл осы күні Альфред Нобель өмірден өткен болатын.
Пікір қалдыру