Қарулы шабуылдың салдарынан қаза тапқан жерлестерін жоқтаған Орегона тұрғындары жексенбі күні шіркеуге жиналды. Бұл туралы «Қамшы» порталы reuters.com-ға сілтеме бере отырып хабарлайды. Valley шіркеуінде жиналған 250-ге жуық адам христиандық балладаларды бірігіп орындап, соңынан қаза тапқандардың құрметіне жасалған видеослайд тамашалады. Ал Umpqua шіркеуіне жиналған 60 адам бір-бірінің қолын ұстап, одан қалса, бір-бірін құшақтап тұрып, «Біз бәрін де еңсереміз» атты азаматтық құқықтың әнұранын айтты. Шіркеу қызметкері «Әрине, ашу мен реніш, қорқыныш пен ыза қатар жүреді. Олардың өзекті өртейтіні де шарт, бірақ амал нешік» деп, көпшілікті сабырға шақырды.
Айта кетейік, Орегона штатының Umpqua Community колледжінде қырғын атыстың салдарынан 10 адам көз жұмған болатын.
«Қамшы» сілтейді
Пікір қалдыру