Елдегі этносаралық жанжалдарда үнсіз қалатын Ассамблея Украина елшісінің сөзіне жауап берді

/image/2022/08/23/crop-357_261_456x811_97703fa5298429d87581a5a223658458.jpg

Қазақстан халқы Ассамблеясы Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийдің Ресей басқыншылығы туралы "келешекте олар біздің балаларымызды өлтірмеуі үшін орыстарды көптеп өлтіреміз" деп айтқанына байланысты мәлімдеме жасады.

Ассамблея үндеуінде, ұйым елшінің сөздерін қатаң айыптайтыны, ондай сарындағы мәлімделерге жол беруге болмайтыны айтылған.

"Бейбітшілік пен бірлік біздің мемлекеттік саясаттың және қоғамдық бірігудің басты қағидалары. Сондықтан мұндай пікірді кім айтса да біздің қарсылығымызға ұшырайды. Дипломатия – өшпенділік пен араздықты қоздыру үшін емес, бейбітшілік пен ынтымақтастық идеалдарына қызмет етуі тиіс. Қазақстанның біртұтас көпэтносты халқы үшін достық, өзара көмек және бейбітшілік қағидалары мызғымайтын ұстаным. Олар бізге Тәуелсіздігіміздің қалыптасуының ең қиын жылдарында да этносаралық қақтығыстардың алдын алып, еліміз бен халқымыздың тұтастығын сақтауға көмектесті. Өшпенділікті қоздыратын кез-келген пікір, этностық жек көрушілік пен оның қандай болмасын көріністерін насихаттау біз үшін жат ұғым" делінген ассамблея үндеуінде.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мәлімдеме көп жасай бермейді. Әсіресе жұртшылық елде соңғы жылдары болған этносаралық жанжалдар кезінде ассамблеядан нақты әрекеттер күткен. Алайда ұйым конфликтерде үнсіз қалып отырды. Ел арасында ассамблеяның қоғам үшін атқарып отырған қызметі шамалы, оны тарату керек деген көзқарастағы адамдар аз емес.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар