"Достық қатынастарға нұқсан келтірмеуі тиіс": СІМ Украина елшісіне наразылық білдірді

/image/2022/08/23/crop-15_90_588x1045_75264d8cacd6e830584a003bff544919_1280x720.jpg

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскиймен кездесті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. 

"Кездесу барысында елшіге 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірілді. Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіні және қолайсыздығы туралы ұстанымын білдірді. Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуі тиіс", делінген СІМ таратқан хабарламада.

Бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Петр Врублевскийдің Ресей басқыншылығы туралы "келешекте олар біздің балаларымызды өлтірмеуі үшін орыстарды көптеп өлтіреміз" деп айтқанына байланысты мәлімдеме жасаған болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар