"Мемлекетке 7 млрд залал келтірді": Антикор Арыстанбек Мұхамедиұлының қамау мерзімі ұзартылғанын хабарлады

/image/2022/08/26/crop-4_51_670x1191_admin_2019_05_21_arystanbek.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мен басқа да тұлғаларға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша тергеуді жалғастырые жатқанын мәлім етті.

"Тергеу "Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі" халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ "Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру" жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізілуде", делінген Антикор хабарламасында. 

Бұдан басқа, Арыстабек Мұхамедиұлының мәдениет және спорт министрі лауазымында болған кезінде туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне "Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" РМҚК, "Қазақ энциклопедиясы" АҚ және "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" ЖШС заңсыз беруге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқаны хабарланды.

Тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 млрд теңгені құрайды.

А.Мұхамедиұлының қамауда ұстау мерзімі 4 айға дейін, яғни 26 қыркүйекке дейін ұзартылды. Тергеу жалғасып жатыр. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар