ОСК: Нұрсұлтан Назарбаев пен Дариға Назарбаева сайлауға қатыса алады

/image/2022/09/07/crop-3_57_670x1190_63184bf4baf6c854961078.jpg

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның қызы Дариға Назарбаева мерзімінен бұрын өтетін президент  сайлауына қатыса алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлады BAQ.KZ порталы.

– Әрине, ол (Дариға Назарбаева президент сайлауына – ред) қатысуы мүмкін. Нұрсұлтан Назарбаев та қатысуы ықтимал. Президенттікке үміткерге қойылатын талаптарға сай келетін кез келген адам өз кандидатурасын ұсына алады, – деді Шавкат Өтемісов. 

Алайда бұған дейін Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Конституцияға енгізілген өзгерістер бойынша Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға қатыса алмайтынын айтқан болатын. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар