Қанат Бозымбаев соттың алдын ала тыңдауына келмеді

/uploads/thumbnail/20170708195941430_small.jpg

Павлодарда облыс әкімі Қанат Бозымбаевтан ақша бопсалау ісі бойынша сотта алдын ала тыңдау басталған. Ал, зардап шегуші әкім Қанат Бозымбаевтың өзі сот тыңдауына келмеген. Бұл туралы «Қамшы» порталы  Today.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. Асқар Бахралинов, Ярослав Голышкин, Нұржан Сүлейменов және Фархат Алиясовқа қатысты қылмыстық іс сотқа осы жылдың 28 қыркүйегінде түскен болатын.. Төртеуі де аса ірі көлемдегі қаржыны алдын ала келісіп, бопсалау мен ауыр іске кәмелетке толмаған тұлғаны тарту бойынша айыпталуда.

Сонымен бірге, Асқар Бахралинов "Тероризм туралы жалған хабарлама беруді ұйымдастыру", Фархат Алиясов оқ дәріні заңсыз сатып алу мен сақтау және есірткі затын заңсыз сатып алу, сақтау мен сату мақсатынсыз тасымалдау айыптары тағылған.

Соттың алдын ала тыңдауына Қанат Бозымбаевтың атынан астаналық қорғаушы Татьяна Шинкоренко келген.

Утбанова пен Ковлягинаның сұраныстары қанағатандырылмаған. Мемлекеттік айыптаушы Радимхан Дубаева мұны шағымдар басты сот отырысында берілу керектігімен түсіндірді.

Сүлейменовтың қорғаушылары соттың жабық түрде өтуін сұрауда, мұны оның қауіпсіздігімен байланыстырған.

Айта кетейік, облыс әкімі Қанат Бозымбаевтан ақша бопсалау ісімен ҰҚК қызметкерлері айналысқан.

Тергеу барысында осы жылдың мамыр айында куәгерден күдіктіге айналған жергілікті «Версия» апталығының редакторы Ярослав Голышкин қамауға алынды.

Кейін полиция әкімнің орынбасары Асқар Бахралиновтың үйіне тінту жасап, оны да қамауға алды. Полицияның бұрынғы қызметкері Алиясов үй қамағында болды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар