Ақтөбе облысына қарасты Мұғалжар ауданында ҰҚК бөлімі басшысының орынбасары жұмыс орнында өзіне қол салған. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтеріне сүйенсек, ҰҚК-нің 38 жастағы қызметкері жұмыс кабинетінде өзіне оқ атқан. Бұл туралы «Қамшы» порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Оқиға 3 қазан күні күндіз Қандыағашта болған. Ер адам вахтерді темекіге жіберіп, ол жоқта өзіне табель қаруынан оқ атқан. ҰҚК қызметкері 5 қазан күні жерленген. Оның артында жұбайы мен екі қызы қалды.
Басылымның мәліметінше, қаза болған азамат бұл қызметінен бұрын ҰҚКД халықаралық терроризм және экстремизммен күрес басқармасында жұмыс істеген.
Ол 2011 жылы Шұбаршы және Кеңқияқ ауылдарында болған маусым айындағы оқиғаға, нақтырақ айтқанда оған қатысушыларды ұстау операциясына қатысқан.
«Қамшы» сілтейді
Пікір қалдыру