Қостанай облысындағы өрт бойынша орман шаруашылығы мекемесінің басшысы қамауға алынды

/image/2022/09/15/80397ddad9bb3968.jpeg

Қостанай облысының прокуратурасы өңірдегі өртке байланысты Басаман орман шаруашылығы мекемесі басшылығын лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Прокуратура күдіктінің аты-жөнін жарияламады, тек мекеме басшысы 13 қыркүйек күні ұсталып уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлім етті.

15 қыркүйекте мекеме басшысын күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген. 

2 қыркүйекте Қостанай облысында басталған орман өрті 40 мың шаршы метрден астам аумаққа таралып, өрт сөндірушілер тілсіз жаумен бірнеше күн арпалысқан. Өрт болған ауылдардан 1800-дей адам көшіріліп, Аманқарағай ауылында бір адам қаза тапқан. Өрт кезінде 91 тұрғын үй зардап шеккен.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар