Мәслихат елорда атын Нұр-Сұлтаннан Астанаға ауыстыруды қолдады

/image/2022/09/15/crop-4_34_306x545_6fa7f70724623dbdec0691307e2fc615.jpg

Қалалық мәслихат депуттаттары елорда атауын Нұр-Сұлтаннан Астанаға қайта ауыстыруды қолдады, деп жазады КазТАГ агенттігі.

"Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында астана атын ауыстыру мәселесі бойынша шешім қабылданды" деді мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.

Мәслихат депутаттары шешімді бірауыздан қолдаған.

Бұған дейін мәжіліс депутаттары мерзімінен бұрын өткелі отырған президент сайлауы қарсаңында, президент мерзімін 7 жылға созуды осы сайлауға дейін қабылдауды, елордаға бұрынғы Астана атауын қайтаруды ұсынған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар