Сауд Арабиясының ондаған рухани жетекшісі араб әлемі лидерлері мен мұсылман мемлекеттері басшыларын Ресей, Сирия мен Иранға саяси, әскери,моральдік қолдау көрсетуден бас тартуға шақырған. Бұл туралы «Қамшы» порталы ресейлік «Дожд» арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ал, Reuters агенттігінің ақпараттарына сүйенсек, рухани қызметкерлер Ресей, Сирия олардың жақтастары Иранға қарсы жиһадқа шақырған. Олардың пікірінше, Сириядағы Ресейге қарсы соғыс жүргізіп жатқандар ешқандай да террористер емес. Олар ислам діні қызметкерлері-мыс. Жиһадқа үндеушілердің пікірінше, егер Сириядағы мұсылман бауырларының жеңілісі – сунниттік елдердің барлығына қауіп төндіруі мүмкін.
Осындай мағынадағы үндеуге Сауд Арабиясының 53 жоғарғы имамы мен бұрынғы оппазиция өкілдері де қол қойған.
Сауд Арабиясы имамдары Түркия және өзге де Батыс елдері секілді Сирияның шығысындағы Башар Асад билігіне қарсы күресушілерді қолдайтынын айтқан.
Пікір қалдыру