Ұлттық банк тағы теңге бағамын қолдауға 54,5 миллион доллар бөлді

/uploads/thumbnail/20170708195946399_small.jpg

ҚР Ұлттық банкі теңге бағамын қолдауға 54,5 миллион доллар бөлді. Бұл туралы «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  5 қазанда Ұлттық банк 54,5 миллион долларға интервенция жүргізген. Айта кетейік, дәл осындай мақсатта 2 қазан күні Ұлттық банк 106,5 миллион долларға кезекті рет интервенция жүргізілген болатын.

Ал, теңгені еркін айналымға жібергеннен кейін  теңге бағамын қолдау көрсету туралы шешім 16 қыркүйекте қабылданған болатын. Ол кезде Ұлттық банк нарықта алыпсатарлықтың болып жатқанын хабарлады, сол күні доллардың бағамы 300 теңгеге жетті.

Сол кезден бері шетелдік валютаның бағасы 270 теңгеге дейін төмендеді. Бұл бағам әлі күнге сақталып тұр. Сарапшылардың айтуларына қарағанда, Ұлттық банктің ұлттық валюта бағамына қолдау көрсетуге жасап жатқан шараларының арқасында бұл баға әлі ұзақ сақталуы мүмкін.

 

 «Қамшы» сілтейді

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар