Б.Байбек тағы да бас дәрігерлердің жұмысына шүйлікті

/uploads/thumbnail/20170708195956977_small.jpg

Жақында «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының отырысын өткізген филиал төрағасы, қала басшысы Бауыржан Байбек мырза білім беру мен денсаулық сақтау салаларының басшыларына тағы да шүйліккен. Бұл туралы «Қамшы» порталы nur.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қала әкімінің көңіліне жақпаған бұл салаларда келеңсіз жайттар жиі  қайталанатыны жасырын емес. Мысалы, өткен жылы 5 мектеп директоры мен бір аудандық білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылса, биыл тағы 4 мектеп директоры қаржылық қылмысы үшін жауапкершілікке тартылған.

Дәл осындай шикіліктер қаладағы денсаулық сақтау саласында да жоқ емес. Жыл басынан бері қарай, 5 медицина мекемесінің басшысы қызметінен қуылса, тағы екі бас дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мұндай жәйттердің алдын алу үшін қала билігі енді тұрғындардың арызы бойынша әрекет етпек.

“Кейде бас дәрігерлердің алдына кіру менің кабинетіме кіруден де қиын. Біреуге қоңырау шалдырмай  бара алмайсың. Жоғарыдан біреудің бұйрығы келмей адамға дұрыс қарамайды. Мұндай жайттарды анықтау үшін тұрғындардың арыз-шағымы бойынша сараптама жүргізіп отыратын боламыз”, – деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Айта кетейік, осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында қала басшысы қалалық балалар ауруханасының басшысын қызметіне салғырт қарағандығы үшін жұмыстан қуғандығы жазылған болатын.

 

 «Қамшы» сілтейді

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар