Қазақстан Киевтегі елшілік қызметкерлерін эвауациялайды

/image/2022/10/11/crop-7_16_386x686_7853f67b66544e77a70f9a9b88c2cbf9_original.99623.jpg
 

 

Алдағы күндері Қазақстанның Украинадағы елшілігінің қызметкерлері эвакуацияланбақ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп жазады Информбюро сайты.

"Елшілік қазір істеп тұр. Елшілікті жабу туралы емес, қызметкерлерді көшіру туралы мәселе көтеріліп жатыр. Жақын күндері мәселені шешеміз, қызметкерлерді толығымен эвакуациялайтын шығармыз" деді Айбек Смадияров журналистерге.

 

Ол ақпарат құбылып тұрғанымен түсіндіріп, Украинада қанша қазақстандық жүргенін дәл айта алмады. Сөзінше, көбі алғашқы эвакуацияда кетіп қалған, қайтып келгендер де бар болуы мүмкуін.

Қырым көпіріндегі апаттан кейін кеше Ресей Украинаның бірнеше қаласына зымыранмен соққы жасап, жаралыс ұйымдастырған. Ел астанасы Киевтің бір ғана Шевченко ауданында бірнеше дүмпу болған. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар