Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Ұлы Дала төсінде Мәңгілік Ел құрамыз!

/uploads/thumbnail/20170708200005337_small.jpg

Әлемдегі тоғызыншы территорияда бүгінде ұлы той! Кемел келешек туралы армандай отырып, келелі тарихты да естен шығармаған Қазақстан халқы «Қазақ хандығының 550 жылдығын» думандатып атап өтуде. Бұл туралы Қамшы порталы Айқын-ақпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен осынау атаулы оқиғаға арналған салтанатты жиын өтті. Бұл күні Қазақ елінің қуанышына ортақтасу, құттықтау үшін Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев, Түркия Ұлы ұлттық жиналысының спикері Исмет Йылмаз, Түрікменстан үкіметінің вице-премьері Сапардұрды Тойлиев арнайы келді. 

Жиынға сондай-ақ шетелдік ресми делегация өкілдері, әлемдік деңгейде аты мәлім ғалымдар, Қазақстан Парла­мен­тінің депутаттары, зиялы қауым, спорт, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.
Сөз алған Елбасы барша қазақстан­дықтарды Қазақ хандығының 550 жыл­дығы торқалы тойымен шын жүректен құттықтады.
– Бүкіл әлемді дағдарыс жайлап, да­мыған елдердің өздері үлкен экономика­лық күйзеліске ұшыраған мынау алма­ғайып за­манда алыс-жақын ағайынның басын қо­сып, Қазақ хандығының 550 жылдық ұлан-асыр тойын өткізудің өзінің ерекше себеп­тері бар, – деді Ұлт көш­бас­шысы. – Бүгінгі той, ең алдымен, батыр бабалары­мыз­дың биік рухына тағзым ету және тағ­дырдың сан алуан қиындық­тарынан сүрінбей өткен ата тарихынан тағылым алу үшін өткізіліп отыр.
Мемлекет басшысы Кеңес Одағы зама­нында Қазақстан мектептерінде оқушылар «КСРО тарихы» атты ортақ оқулықтан білім алғанына назар аудартты: «Сондық­тан жас ұрпақ ата тарихынан мүлде ал­шақтап қалды. Оның үстіне Қазақ хан­дығының шаңырағын көтеріп, айбынын асырған ұлы хандарымыз бен даңқты батырларымыздың есімдері біртіндеп ел жадынан өшіріле бастады. Өз ішімізден шыққан оларды жамандағыштар құрметке бөленді. Елімізде ханның, не батырдың ескерткіші тұрмақ, олардың атында білім мен мәдениет нысандары, керек десеңіз, жалғыз-жарым көше де болған жоқ.
Қазақ хандарының аты атала қалған жағдайда оларға үстем тап өкілі ретінде келеңсіз баға беріліп, қисынсыз айып тағылды. Бұл туралы ақын Ғафу Қайыр­беков кезінде: «Басқаның патшасының бәрі жақсы. Неліктен біздің хандар жаман болған?» деп ашына жазған болатын. Ұлт жадының тамырына балта шабуға арналған осындай сұрқай саясаттың небәрі ширек ғасыр бұрын орын алғанына сенудің өзі қиын. Бірақ кеңес заманының ащы шын­дығы дәл осындай болатын.

Тәуелсіздік қазақ халқының өшкенін жан­дырып, өлгенін тірілтті. Алматы мен Ас­та­­­нада, облыс орталықтары мен ірі елді ме­­­кендерде Керей мен Жәнібек, Абылай мен Әбіл­қайыр сияқты әйгілі хан­дары­мыз­дың, Қа­банбай, Бөгенбай, Наурызбай ба­ты­р­лар­дың еңселі ескерткіштері бой кө­те­ріп, олар­дың есімдері елді мекендерге, жо­ғары оқу орын­дары мен мектептерге бе­рілді. Баба­лардың ерлік пен күреске толы өнегелі өмір жол­дары жайлы том-том ғылыми еңбектер мен әдеби шығармалар жазылды. Тәуел­сіз­дік­пен бірге оралып, ұрпағына ұланғайыр қо­ныс қалдырған батыр бабаларымыздың биік рухы қазақтардың, әсіресе, жаңа буы­ны­ның арасында аса зор патриоттық өрлеу ту­ғызып, ұлт тарихына деген мақтаныш се­зі­мін ұялатты».

– Қазақ, Жұбан ақын айтқандай, «мың өліп, мың тірілген» халық. Бірлігі жарасқанда даңқы асып, билікке таласқанда берекесі қаш­қан! Баршаға белгілі, байырғы баба­ла­рымыз бөрілі байрақ ұстап, Байкалдан Бал­қан­ға дейінгі алқапты еркін жайлаған. Кө­гі­міз­де желбіреген алтын күн астында қы­­раны қа­лықтаған туымыз – мемлекеттігіміздің үзіл­мей жалғасып жатқанының айғағы! – де­ді Президент.
Н.Назарбаев «Қазақ хандығының 550 жыл­дығы» тамыры терең қазақ тарихының бір белесі екенін нықтады:
– Қазақ хандығы бұдан бес жарым ғасыр бұ­рын ғана шаңырақ көтерсе де, Еуразияның ұлы даласында орнаған арғы дәуірдегі сақ, ғұн, үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы түрік қағандығы, Дешті Қыпшақ пен Ал­тын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері бол­ды. Арғы дәуірлерге бармай-ақ, таза түр­кі­лік заманымызға зер салар болсақ, әйгілі Рим империясы құлап, Еуропадағы осы күнгі мемлекеттердің нобайы да әлі қалып­та­са қоймаған, ал Қытайда үш патшалық пен алуан әулет өзара қырқысып жатқан 6 ға­сыр­да – 552 жылы Алтайда Ұлы түрік қағанаты ат­ты қуатты, күшті мемлекет дүниеге келді. Ол небары жарты ғасыр ішінде Алтай мен Кав­каз арасындағы алып далада жеке дара би­лік жүргізді. Дәуірлеп тұрған кезінде Ви­зан­тия мен Ираннан, Қытайдың екі пат­шалығынан алым алған ер түріктің берекесі кетіп, өз ішінде билікке талас бастағанда, әуе­лі батыс және шығыс болып ажырап, кейін оғыз, қарлұқ, қыпшақ болып бөлініп, жауларына жем болды.
– Бірлік – біздің барлық жеңістеріміздің ал­­тын қайнары, ел қорғағанда күш-қуат бе­рер асқақ айбары. Осыны әрдайым жады­мыз­да ұстауымыз керек. Жаһандану зама­нында тағдыр талайымен бөлініп кет­кен, тілі, ділі, діні мен тегі бір түрік халық­та­ры ХХІ ғасырда ынтымақ жарастыруы қа­жет. Сөйтіп, саясатта, экономикада, ғы­лым мен тех­нологияда өзара ықпалдастық пен бай­ланыстарды күшейте беруіміз керек. Ата та­ри­хы бізді осыған шақырады! – деді Н.Назарбаев.
Атақты Мұхаммед Хайдар Дулатидің дерек­тері бойынша, 1465 жылы Қозыбасы тауының етегінде тарихи оқиға болды. Бұл – біздің елдігіміздің тамыры тереңде жатқа­нын танытатын аса маңызды тарихи дерек. Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр ұлы­сы­нан бөлініп, Шу мен Таластың арасында Қазақ хандығының шаңырағын көтерді. 
Мемлекет басшысы өз сөзінде қазақ мем­­­ле­кеттілігіне өлшеусіз үлес қосқан, қазақ та­ри­хында өшпес із қалдырған хандарға ж­е­ке тоқталды:
– Алты Алаш анттасып, айрылмасқа сөз бай­ласып, Ұлытауға таңбаларын қашап жаз­ды. Осылайша, тарих сахнасына Қазақ деген ха­лық шығып, ұланғайыр өлке Қазақ жері деп атала бастады. Одан соң қасқа жолды Қа­сым хан хандықтың іргесін бекітіп, ке­регесін керді. Хақназар хан шекарасын Еділ­дің бойына дейін кеңейтсе, Тәуекел хан Түр­кістан өлкесін түгелдей Қазақ хандығына қаратты. Еңсегей бойлы ер Есім елдің іргесін бекіту жолындағы күресте қолбасшылы­ғы­мен танымал болды. Салқам Жәңгір хан Ор­бұлақ түбіндегі шайқаста жоңғарларға ой­сырата соққы берсе, Әз Тәуке «Жеті Жар­ғы­ны» енгізді. 
Қазақ хандығы кезеңі – ат жалында күн кеш­кен алаш жұртының қаһармандық дәуірі! Ел билеген хандардың өмірі майдан шебінде өтті. Қазақтың алғашқы он төрт ха­нының жетеуі жорық жолында қаза тапты. Осынау ұлы бабалардың биік рухына барлық ұрпақ айрықша құрметпен бас иіп, ризашы­лы­ғын білдіреді. Олардың ұлтқа сіңірген ұшан-теңіз еңбегі әрдайым ел есінде сақтала­ды. Қазақтардың талай буыны қой үстіне боз­торғай жұмыртқалаған мамыражай заман ор­натқан хан ретінде қадірлейтін Әз Тәуке биліктен кеткен соң, халқымыздың береке-бір­лігі әлсіреп, жүзге және руға бөлінушілік бе­лең алды.
«Орталық Азиядағы аса қуатты әскери мем­лекет саналатын Қазақ хандығының осы осал­дығын оңтайлы пайдаланған жоңғарлар тұтқиылдан соғыс ашып, ел тарихына «Ақта­бан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен енген трагедияға ұшыратты! – деп са­бақтады сөзін Мемлекет басшысы. – Дәл осы тұста тарих сахнасына қол бастаған Қа­банбай, Бөгенбай, Наурызбай, Малайсары сияқты батырлар, сөз бастаған Төле, Қазы­бек, Әйтекедей дуалы ауыз билер, ел бастаған Абылай, Әбілқайырдай хандар шықты. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бе­ре­ке-бірлігі асқан қазақ қолы 1730 жылы Аңы­рақай түбінде жоңғарларға күйрете соқ­қы беріп, ата қонысын жаудан біржолата азат етті.
«Бүгінде Абылайдың асыл армандары тәуелсіздік тұсында түгелдей орындалды, – деді Н.Назарбаев. – Қазақстанның қай түк­піріне барсақ та, қалаларымыз бен ауылда­ры­мыз жарқырап, жайнап тұр. Даламыз жай­қалған егінге толып, еліміз жасыл баққа ай­налды. Алтын күн шуағын шашқан көк бай­рағымыздың астында қазақ қана емес, 130 ұлттың өкілдері береке-бірлікпен тату-тәтті өмір сүруде. Мен бұдан бұрынырақ «Қа­зақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ» де­ген едім. Бүгін сол сөзімнің жалғасы ретін­де: «Бізге бабалар тұлпарларының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат. Қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны оны әрдайым орынды мақтан ететін болады» дегім келеді!
«Ең алдымен, бабаларымыз егемен елі­міз тәуелсіздік алғанда, еншімізде ұлан-бай­тақ жер қалды. Бірақ әлемдегі тоғызыншы тер­ритория саналатын қазақ даласы ешбір халықаралық құжатпен рәсімделмей, ашық-шашық жатқан еді. Біз осы бір аса күрделі әрі шетін мәселені сәтімен шешіп, Ресей мен Қытай бастаған барлық көршілерімізбен арадағы жалпы ұзындығы 14 мың шақырым­нан асатын шекарамызды халықаралық құ­жаттармен рәсімдеп, болашақ ұрпақтың алаң­сыз болуы үшін біржолата әрі мәңгілікке ше­гендедік. 
Екіншіден, бізге мұраға қалған ата қоны­сымыз жылдар бойы халқымызға қасірет әкелген ажал полигондары мен жаппай қы­рып-жоюға арналған ядролық оқтұмсықтарға толы болды. Біз соның бәрінен елімізді де, жерімізді де азат етіп, әлемдік ядролық қару­сыздану көшін бастадық. Ақыл мен пара­саттың кез келген қарудан қуаттырақ бола­тынын дәлелдеп, жаһандық қауіпсіз­дікке зор үлесімізді қостық.
Үшіншіден, екі жарым ғасыр патшалық Ре­сей мен 70 жылдан астам Кеңес Одағы құрамында болғанда, қазақ халқы өз жерінде отырып-ақ азшылыққа, ал Қазақстан өз еркінен тыс 130 ұлт пен ұлыстың мекеніне ай­налды. Әлем тарихына көз тігер болсақ, со­ғыс атаулы не жер дауы, не ұлт артық­шы­лығы, не дін үстемдігі үшін болатынын бай­қау қиын емес. Біз елімізді мекендеген сан алуан ұлт пен ұлыс, дін өкілдерін көк тудың астына жиып, ел тыныштығын, береке-бір­лігін сақтадық. Бабаларымыз мирас еткен «Кең болсаң – кем болмайсың» деген қағи­даны басшылыққа ала отырып, әлі талай биіктерге жетеріміз анық.
Төртіншіден, біз іргемізді бекітіп, бірлі­гі­міз­ді бекемдеген соң әлемдегі ең дамыған ел­дердің тәжірибесін зерттеп, дамудың өзі­міз жасаған жаңа моделі – «Қазақстандық жолды» ұсындық. Дамудың ең жарқын бола­шағын айқындаған «Қазақстан – 2050» стра­тегиясын түздік. Дәл осы құжаттың негізінде алға қойған мақсаттарымызды рет-ретімен жүзеге асырып, қуатты да табысты мемлекет орнаттық. Соның нәтижесінде экономи­ка­мыз аз ғана жылда ешқашан, ешкімде бол­ма­ған қарқынмен алға басты. 2014 жылы елі­міздің Жалпы Ішкі Өнімі 1993 жылғы көр­сеткіштен 19 есеге көбейді. Ол жан ба­сына шаққанда 696 доллардан 13 мың дол­ларға, яғни 18 есеге артты. 1993-2013 жылдар аралығында 200 миллиард доллардан астам тікелей шетел инвестициясын тарттық. Ел­дің әл-ауқатын барынша жақсартып, өр­ке­ниетті елдердің деңгейіне жеткіздік.
Бесіншіден, бабалар мирас еткен жеріміз қан­шалықты кең болса да, бізде ұлы мұхитқа шығатын жол болған емес. Теміржол атаулы Қа­зақстанның байлығын тасу үшін тек сол­түстікке қарай салынды. Тәуелсіздік жыл­дары біз жалпы ұзындығы 2500 шақ­ырымдық теміржол салып, еліміздің барлық облыс­та­рын бір-бірімен жалғастырдық. Нәтижесінде, Қазақстанның болат жолдары Қытай арқы­лы Тынық мұхитқа, түрікмен жері, Парсы шығанағы арқылы Үнді мұхитына, Ресей арқылы Батыс Еуропаға, одан әрі Атлант мұ­хитына жететін болды. Бұған қосымша «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» еуразиялық автомагистралi де пайдалануға берілді. Ал «Нұр­лы жол» бағдарламасымен елімізде жаңа 7 мың километрден астам автокөлік жо­лы салынып, барлық өңірлермен байла­ныс екі есеге жақын болады. ХХІ ғасырдың на­ғыз Жібек жолы деп осыны айтуымыз ке­рек.
Алтыншыдан, қазақты өзге ұлттан дара­лай­тын – оның тілі мен мәдениеті, руха­ния­ты. Еліміз егемендігін алғаннан кейін жағ­дай­дың қиындығына қарамастан тағдырдың жазуымен дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кеткен миллионнан астам қан­дастарымызды атамекенге қайтарып алып келдік. Бабалар тарихына қатысты дүние жүзінің архивтерінде шаң басқан тарихи құжаттарды алдырып, том-том кітаптар мен оқулықтар шығарып, ата тарихтың ақиқатын түгендедік. Тәуелсіздік жылдарында 1300-ге жуық мектеп, 1250-ге жуық денсаулық сақ­тау нысанын, тағы 4 мыңнан астам бала­бақ­ша салдық. Халықтың орташа өмір ұзақтығы 72 жасқа жетті».
Жетіншіден, іргесі берік үйдің шаңырағы шайқалмайды. Жақында ғана біз Ата заңы­мыздың 20 жылдығын атап өттік. Біздің Конс­титуциямыз ұлттық заңнама жүйесіне берік іргетас болып қаланды. Заң шығарушы, атқарушы билік пен тәуелсіз сот жүйесінің негізін құрды. Қазақстан Парламенті ең жо­ғары өкілетті орган ретінде өз міндетін абы­роймен атқаруда.
Сегізіншіден, бабалар даңқына мақтану­мен шектелмей, үздіксіз алға жылжыған ел ғана озады.
– Біздің бабаларымыз – ғұндар да, түрік­тер де, қыпшақтар да өткен замандарда Еу­ра­зиядай алып материктің басты интегра­торы болған. Олар Ұлы даладағы алуан тай­палардың басын талай мәрте қосып, берекесі қашқан кезде сан рет жауларына жем болған. Біз де 20 жылдан астам уақыт бойы Еуразиялық Одақ құру туралы баста­маны табандылықпен ілгері жылжытып, оны бүгінде бес мемлекеттің басын қосатын пост­­кеңестік елдер ішіндегі ең үлкен эконо­ми­калық ұйымға айналдырдық» деді Пре­зидент.
«Тоғызыншыдан, Астананың төрінде тұрып, бүгінде бар қазақтың ортақ мақ­таны­шына айналған елордамыз туралы айтпау мүмкін емес. Астанамыз – жаһанға танылған жұртымыздың жарқыраған жақұты, Азатты­ғы­мыздың алтын қыраны! Елорданы салу тәуелсіз Қазақстанның өте күрделі мақсат қойып, оны табандылықпен орындай алаты­нын күллі әлемге айқын дәлелдеп берді. Бас қаламыз қазақтың абыройын асырып, ме­рейін тасытты. Досты сүйіндіріп, дұшпан­ның мысын басатын еңселі елордаға айнал­ды. Астанамен бірге қалың қазақтың да даң­қы артты. Еліміздің әр өңіріндегі басқа қа­лалар мен елді мекендер де Елордаға  қа­рап бой түзеп, жарқырай бастады. 
Оныншыдан, бәсекеге қабілетті  елу  ел­дің қатарынан берік орын алып, әлемдегі үздік отыздықтың қатарына кіруді басты стра­тегиялық мақсат етіп қойдық. Алда Аста­нада әлемдегі ғылым мен техниканың, өнер­кәсіптің, жаңалық атаулының жетіс­тіктерін насихаттайтын «ЕХРО-2017» көр­месін өткізу міндеті тұр. Қазір адамзат қо­ғамы жаңа индустриялық революцияның қар­­саңын­да тұр. Оған Қазақстанның эконо­ми­касы мен өнеркәсібі дайын болуы үшін біз «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын» әзірлеп, жүзеге асыру­дамыз. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірдік. Баршаға бірдей кәсіби, осы заманғы мемле­кетіміз одан әрі табысты болуы үшін бес институттық реформа жүргізуді қолға алдық. Тиісті мемлекеттік органдар оны рет-ретімен жүзеге асыруға кірісіп те кетті. Бұл ре­форма бізді жаңа биіктерге бастайды» деді ол.
– «Егемен болмай, ел болмас» дегендей, біз азаттық жылдарында шын мәнінде, ұлы жолдан өттік. Тәуелсіздік кезеңі – біз үшін ға­сырлар жүгін арқалаған ғаламат кезең. Кезінде Керей мен Жәнібекке ілесіп шық-қан ха­лықтың ұзын саны 200 мың шамасында екен. Бүгінгі күні сол қазақтың қатары жер жү­зінде 15 миллионнан асып жығылды. Ал егер қазақ өткен ғасырдың ашаршылығына ұшы­рамаса, өткен соғыста қырылмаса, қан­ша болар еді? – деген Елбасы қазақтарға қайы­рылды:
«Қазақтың өз ішіндегі береке-бірлігі күш­ті болуы керек. Данышпан Абайдың: «Бі­ріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бә­рі бос», – деген өсиетін әрдайым естен шығармайық, ардақты ағайын! Алда қандай сын-қатерлер күтіп тұрса да, бірлігіміз-дің ар­қа­сында біздің болашағымыз бү­гін­гіден де жарқын деп кәміл сеніммен айта аламын!»
– Бәріміздің киелі атамекеніміз бар, ол – қа­зақтың Ұлы Даласы. Сол далада бабалар­дың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті Отанымыз бар. Ол – Тәуел-сіз Қазақстан. Тәуелсіздік – біздің маңдайға бас­қан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс амана­ты­мыз. Қасиетті Отанымызда қандай қиын­дықты да қайыспай қарсы алуға лайық өршіл рухты, азат ойлы, жасампаз халық бар. Ол – ер­жүрек қазақ халқы. Сол қаһарман ха­лық­тың алға қойған ізгі мұраты бар. Ол – Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәң­гілік Ел жасау. Ендеше, әрқашан еліміз аман, бауырымыз бүтін болсын. Сіздер мен біз­ құрған Тәуелсіз Қазақстанымыз Мәңгілік Елге айналсын! Ұлы мақсаттарға жету жолында бізге батыр бабалардың аруа­ғы жар болсын! – деп түйіндеді сөзін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

 "Қамшы" сілтейді

Қатысты Мақалалар