МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ МАҢҒЫСТАУДА ТҰРАДЫ

/uploads/thumbnail/20170708200008118_small.jpg

Көктем туа ауыл-аймақтарда басталған «Мерейлі отбасы» байқауы күні кеше Астанада мәресіне жетті. Еліміздің барлық өңірінен биылғы байқауға қатысуға 2 мыңнан астам отбасы ниет білдіріпті. Бұл туралы Қамшы порталы Айқын-Ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Солардың арасынан суырылып шыққан 16 отбасы өткен сенбі күні Астанада бас қосты. 

Он алтының ішіндегі ең үздік әулетті анықтау үшін 2-11 қыркүйек аралығында sms және интернет арқылы дауыс беру өткен-ді. «Қазақстан» орталық концерт залында өткен «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқау жеңімпазын анықтау салтанатында халықтық дауыс берудің нәтижесі жария етілді. Сонымен, биыл маңғыстаулық Құлсариевтар әулеті жеңімпаз атанды. 

...Қазақстанда қыркүйектің екін­ші жексенбісінде аталып өтетін «Отбасы күні» мейрамына орай был­тырдан бері өткізіле бастаған бай­қаудың басты ұйымдастыру­шы­сы Президенттің өзі деуге болады. Былтыр алғаш рет ұйымдасты­рыл­ған байқауға Мемлекет басшысы­ның өзі келіп, жеңімпаз әулеттің ие­сіне шағын автобустың кілтін тап­сырғаны есте. Ал биыл жеңімпаз әу­леттерге арнайы құттықтау хат жол­дады. Президенттің байқау жеңім­паздарына  жолдаған сәлемін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әб­діқа­лықова оқып берді.
«Бүгінгі мерейлі күнде әрбір қа­зақстандық отбасына қажырлы ең­бек, тағылымды тәрбие, ізгі дәс­түрлер сабақтастығын лайықты жал­ғастырып келе жатқаны үшін зор ризашылығымды білдіремін. Бе­рік отбасылық құндылықтар ар­қы­лы ғана мемлекеттің іргесі мы­ғым, ғұмыры мәңгі болады» де­лін­ген құттықтаудан соң еліміздің 14 об­лысы мен Астана, Ал­ма­ты қа­ла­ларында өткен байқауда жеңімпаз атанған 16 отбасыға сый-сияпат та­быс етілді. 
Гүлшара Наушақызы 16 отба­сы­ның барлығын сахнаға шақы­рып, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демогра­фия­лық саясат жөніндегі ұлттық ко­миссияның байқау дипломымен, сон­дай-ақ LG-электроникс ком­па­ниясының соңғы үлгідегі теле­ди­да­рын тарту етті. Он алты отбасының осалы жоқ, олардың қай-қайсысы да үздік атануға лайық әулеттер.

 

Сондықтан біз бүгін олардың есімін тасқа жазуды жөн көрдік. Сонымен, Астана қаласынан Елеусіновтер, Алматы қала­сы­нан Әлиақпаровтар, Ақмола облысынан Кәкеновтер, Ақтөбе облысынан Кофлер, Алматы облысынан Оспановтар, Атырау облысынан Қанатбаевтар, Батыс Қазақ­-стан облысынан Кенжебаевтар, Жамбыл облысынан Молдабаевтар, Қарағанды об­лысынан Мусиндер, Қызылорда облысы­нан Айымбетовтер, Қостанай облысынан Төлегеновтер, Маңғыстау облысынан Құл­сариевтер, Солтүстік Қазақстан облысы­-нан Мәмбетовтер, Оңтүстік Қазақстан об­лысынан Қуатбековтер, Павлодар облы­-
сынан Әміреновтер, Шығыс Қазақстан об­лысынан Сосновскийлер еліміздегі отбасы институтының дамуына үлес қосып жүр деп ұялмай айта аламыз. Себебі олар үшін шы­найы отансүйгіштік, жоғары рухани-адам­­гершілік қасиет, білімге деген құш­тар­лық пен еңбекқорлық ең басты құнды­лық са­налады. Біздің байқағанымыз, бұ­лардың басым бөлігі ауылдан шыққан, арасында педагогтар, ғалымдар, шахтерлер, мұнай­шылар, кеншілер, теміржолшылар, мә­де­ниет және агроөнеркәсіп саласының қыз­меткерлері, туған ауылының дамуына зор үлес қосып жүрген кәсіпкер әулеттер де бар. Қарайсың да, қызығасың. Бүгінгі әлемді бүлінуден, адамзатты рухани ке­дейлену-
ден сақтап тұрған осы жандар екенін мо­йындайсың. Сол себепті де біз үшін олар­­дың барлығы да үздіктер. Де­ген­мен, байқау шартына сай тек бір әулет қана бас жүлде­-
ге ие болуы тиіс. Биыл бұл бақыт онлайн жүйесі арқылы берілген 78 мыңға тарта дауыстың 25 мыңнан астамына ие болған Құлсариевтер әулетіне бұйырды. Мем­ле­кеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова – Құл­сариевтер әулетінің үлкені Орын ақса­қал-
ға Қазақстанда шығарылған «IVECO» шағын автобусының кілтін табыс етті. 
Жеңімпаз әулеттің иесі Орын атай мен Құндыз әжей – бүгіндері 12 баладан 46 не­мере, 43 шөбере сүйіп отырған бақытты шаңырақ иелері. Құлсариевтер әулетін маңғыстаулықтар тегіс таниды, енді рес­публика жұрты білетін болды. Өйткені, бұл әулет ел арасында «Маңғыстау маржандары» ансамблі ретінде кеңінен танымал. Ан­сам­бльдің негізін қалаған Орын ақсақалдың 
77 жасында институтқа түсіп, жоғары білім алғаны да айтып жүрер әңгіме дерсіз. Орын атайдың өмірбаянындағы елең еткізер де­ректер мұнымен бітпейді. 1986 жылы Ал­жирде өткен Х Халықаралық фестивальде дипломант атанған. Бүгіндері 84 жасында халық оркестрін басқарып отырған отағасы «Құрмет» орденімен марапатталған, Маң­ғыстау облысының құрметті азаматы, «Аға домбырашы» құрметті атағы тағы бар. 
 Құндыз әжеймен 65 жылдан бері тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан ақсақал әлі де ширақ. Марапаттау рәсімінен соң бала-шағасын жинап алып, құттықтаушылар ал­дында домбыра тартып, ән шырқап бер­гені бәрімізді тәнті етті. Бүгінгі таңда әке­лерінің өнер жолын үш қызы жалғастырып жүр, ал төрт баласы мұнай-газ саласында жұмыс істейді, қалғандары – білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс, қаржы сала­ла­рында қызметте. 
Елдің бәрі Орын ақсақалды айналды­рып тұрғанда, біз Құндыз әжейді сөзге тар­тып, бір шаңырақ астында 65 жыл тату-тәтті өмір сүрудің құпиясын сұрадық.
– Бар құпиясы – үлкендерді тыңдауда, үлкендерді сыйлауда. Біз атаң екеуміз құр­даспыз. Бізді бала күнімізде аналарымыз құдағи боламыз деп сырттан қосқан екен. 18 жасқа келген соң үйлендік. Содан жаман болған жоқпыз. Бүгін бақыттан төбем көкке бір елі жетпей тұр, шырағым. 
– Көлікті болып жатырсыздар, құтты болсын! Енді ол автобусты кім жүр­гізеді?
– Машинаны атаң жүргізеді де, мен ал­дында отырамын (күліп алды). Атаң әлі жұ­мыс істейді ғой. Көлікті де жүргізе береді. 
– Жастарға қандай ақыл-кеңес айта­-сыз?
– Ақылдан бұрын тілек айтайын, біздің бақытымызды сендерге берсін. Елбасыға рақмет айтамын, соны жазып қой, жарай ма? Жастар үлкендерді тыңдасын, өздері қосылып алып, аздан соң айырылысып ке­тетіндер бар, ондайды қою керек. Одан да үлкендерді тыңдасын, одан жаман бол­майды, міне біз жаман болған жоқпыз, өзім де келінімді де айттырып алғанмын, – деді әжей ағынан жарылып... 

Қатысты Мақалалар