Алматыда Аналар кеңесі кеңейтілген отырысының пленарлық бөлімі өтті

/image/2022/11/01/crop-6_187_569x1012_66666666666.jpeg

Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өттіАлматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

2022 жылдың 6-7 қазан күндері Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, ҚХА өңірлік Аналар кеңесінің, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның ашылу барысында ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының Орынбасары А.Ғ. Балаева Аналар кеңесі «ең белсенді және маңызды қоғамдық құрылымдардың бірі және қоғам өмірінде үлкен әлеуметтік маңызы бар» екенін атап өтті.Оның сөзінше, Аналар кеңесінің форумы «тілектері мен ниеттері ортақ мақсатқа жету жолында тұрған халқымызды біріктіретін» ұлттық мереке - Республика күні қарсаңында өтіп жатқан маңызды іс-шара болғанын ескерді.А.Балаева өз сөзінде, Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңестерінің қызметі өз елінің патриоттарының жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталғанын айтты.Атап айтқанда, ол барлық өңірлерде іске асырылып жатқан Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасы болашақ ұрпаққа мәдениеттің, адамгершіліктің, мейірімділіктің құндылықтарын сақтау жөніндегі асыл миссияның жарқын көрінісі болғанын еске салды.

Екінші жағынан, А. Балаева Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамаларына – «Ұлттық қор – балаларға» жаңа бағдарламасына және сайлауалды партиялық тізімдердегі және депутаттық мандаттарды бөлу кезіндегі әйелдер мен жастарға арналған 30 пайыздық квотаға назар аударды.Сондай-ақ, А.Балаева Ассамблеяның XXXI сессиясында Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асырудағы, оның ішінде қоғамдық құрылымдарды, Ассамблея медиаторларын құқық қорғау қызметіне тарту, этномедиацияны дамыту, жастармен жұмыс, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстардың алдын-алу шараларын қабылдауда Аналар кеңесінің маңызды және белсенді рөлін атап өтті.

Сөз соңында А.Балаева Аналар кеңесінің жұмысы Мемлекет басшысының әділ және адамгершілікті қоғамды қалыптастыру бойынша қойған міндеттерін іске асыруға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.ҚХА-ның Республикалық Аналар кеңесінің айрықша ерекшелігі оның тақырыптық сессияларының әртүрлілігінде болды: «Мәдениетті ана – Мәдениетті ұлт» жобасының тұжырымдамасын іске асыру»; «Ұлттық тәрбие – мемлекеттіліктің негізі»; «Дабыл: жаман әдет – ұлтқа қауіп»; «ұлттың болашағы – саналы ұрпақ»; «Тәрбие жұмысы және белсенді қоғам».Сессия жұмысы барысында рухани-патриоттық тәрбиенің өзекті мәселелері, жеке тұлғаны қалыптастырудағы аға ұрпақтың рөлі, баланың тұлға ретінде қалыптасуындағы БАҚ рөлі, тиімді отбасылық және ұрпақаралық коммуникациялар қарастырылды.

Сөз сөйлеушілер Қазақстанда кәмелетке толмағандар арасында діни қауіпсіздікті қамтамасыз ету, балалардың өмірін суицидтен сақтау стратегиясы, жастар арасында жаман әдеттердің алдын алу, ата-аналардың психологиялық–педагогикалық сауаттылығын арттыру, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын-алу, мемлекеттік тілді ілгерілету және дамыту, отбасылық-демографиялық саясат бағыты бойынша жобалар мен міндеттерді іске асыру мәселелерін қозғады.

2022 жылғы 7 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының Орынбасары М.Әзілхановтың қатысуымен пленарлық отырыс өтті. Оның сөзінің басты тақырыптарының бірі «Мәдениетті ана – Мәдениетті ұлт» жобасын қорытындылау және одан әрі іске асыру мәселелері туралы болды.

Спикер бұл жобаның болашақ ұрпақтың санасы мен тәрбиесі қалыптасатын қоғамдағы маңыздылығын, сондай-ақ өңірлердегі ҚХА Аналар кеңестерінің «Іскер әйелдер қауымдастығымен» синергиясын атап өтті.Форумды бағалау ретінде М.Әзілханов Кеңес сессияларының жұмысы Қазақстан аналарының халықтың неғұрлым әлеуметтік белсенді бөлігі ретіндегі орасан зор әлеуетін және Аналар кеңестерін қоғамның әлеуметтік институты ретінде нығайту қажеттігін көрсетті.Оның айтуынша, әйел – халқымыздың әлеуметтік алтын капиталы, өйткені әйел жаратылысынан қалыптастырушы, отбасын құрушы – халықтың, мемлекеттің іргетасы.

М.Әзілханов ҚХА Аналар кеңесіне алдағы уақытта да жүйелі қолдау көрсететініне кепіл берді.Өз сөзінде спикер Аналар кеңесінің жұмысының әлеуметтік және мәдени жан-жақтылығын ескеріп, әлеуметтік желілерде қазақтілді контенттің тапшылығын төмендетуге бағытталған «Қазақстан халқы ертегілері» және «Ханкаст» жобалары, Қарағандыда «Шаңырақ» көпбалалы аналарды қолдау орталығы, Шымкент қаласында «Бақытты жанұя», «Белсенді ұзақ өмір», «TEN QOGAM» орталықтарына тоқталды.

Өз сөзінде, М.Әзілханов өңірлерде «Отбасым-Отаным» жобасы, Солтүстік Қазақстан облысында «Адал жол» жобасы, Қостанай облысында «Сырғалым» мектепішілік клубы және «Жас Ұлан» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен «Әкем үйретеді» челленджі жүзеге асып жатқанын атап өтті. Ал Тараздағы «Анаға тағзым» орталығының жобасы өзге өңірлерге бүгінде үлгі болды.Астанада «Бақытты ана – бақытты отбасы» бағыты аясында «Керемет жол» отбасылық ат спорты клубы, «Айналайын» этнолагері, «Қапсырма» қазақ тәжірибелік тігін ательесі, қолданбалы өнер шеберханасы құрылды.

Сондай-ақ елордалық «Ana time» әлеуметтік жобасы іске асырылды, соның нәтижесінде Астанада 120-дан астам, Ақмола облысында 60-тан астам әйел өз ісін ұйымдастырып отыр. Шымкентте студент жастарға арналған «Қыз өссе – елдің көркі» жобасы жүзеге асырылса, Павлодар облысында «Ертіс» телеарнасында Аналар кеңесі мүшелерінің қатысуымен апта сайын арнайы бағдарлама ұйымдастырылған.

Сөз соңында М.Әзілханов жоғарыда аталған жобалардың арқасында облыстық, аудандық, ауылдағы аналар, медиаторлар, кәсіпкерлер, ата-аналар, үлгілі отбасылар, қоғамдық қабылдаулар, оқу орындары, қолданбалы өнер майталмандары мен ұмыт бола бастаған өнерпаздар арасында тығыз байланыс орнағанын атап өтті.

Пленарлық отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылды.Құттықтау сөзбен «Қоғамдық келісім» РММ директоры, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Қазбек Майгелдинов сөз сөйледі, сонымен қатар, пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсенбаева, ҚР Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Элина Паули, ҚХА Республикалық Аналар кеңесінің мүшесі Баян Ахатай, Отбасылық тәрбие институтының басшысы Софья Евдокимова, «Сеніммен болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Төрағасы Хызыр Жанарыс, Жетісу облысы Аналар кеңесі Төрағасының орынбасары Ғалия Ақбасова, Қарағанды облысы Аналар кеңесінің Төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Ләззат Қожахметова, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Камал Әлпейісова қатысты.

Форум жұмысы барысында Аналар кеңесінің белсенді жобаларына және үздіктеріне арнайы марапаттар табысталды. Бүгінгі таңда елімізде 1847 аналар кеңесі жұмыс істейді, оның жұмысына 13 мыңға жуық адам қамтылған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар