Ұрылар мен қарылар қайдан пайда болды?

/uploads/thumbnail/20170708200019212_small.jpg

Ерте, ерте, ертеде, алғаш дүние жаратылған кезде барлық Пір атаулы жер бетінде жиналыпты. Бұлар жәндіктерді, балық пен ұлуды, хайуанаттардың түр-түрін жаратыпты. Ең соңында Пірлер кеңесе келе «Өзімізден аумайтын Адамзат деген жаратылыс иесін жасайық» деп ұйғарыпты.

Пірлер дуылдаса отырып, сазды илеп, балшықтан адамның бірнеше бейнесін жасап, оны кептіру үшін күн көзіне қойыпты. Кенет жаңбыр жауады. Пірлер улап-шулап, саз мүсіндердің аяқ-қолдарын бүктеп, жәшікке салады. Саз мүсіндер бүлініп, қиқы-жиқы кейіпке түсіпті. Мүгедек жандардың дүниеге келуі де дәл осыдан басталған екен...

Адам баласы жаратылған соң, оны желеп-жебеп жүретін Пірді анықтар кезде Аспан Пірі мен Теңіз Пірінің арасында талас туады.

- Жер бетінде Адамды өрбіту керек деген бастаманы басқа емес, мен көтердім емес пе?! - дейді Аспан Пірі.

- Жоқ, сол Адамға тіршілік рухын - жанды салған басқа емес - Теңіз Пірі!

Аспан  Пірі мен Теңіз Пірі осылайша ұзақ дауласыпты.

Сол кезде Аспан Пірі қураған екі ағашты алып келіп, мынандай ұсыныс айтыпты:

- Қанеки, мына қураған ағаштарға қайсымыз гүл бітірсек, сонымыз Адамның иесі болайық. Қураған ағаштарды жастығымыздың астына жастап ұйықтайық. Таңертең кімнің ағашы гүлдеп тұрса, сол Адамның иесі де болады.

Сөйтіп, Аспан Пірі мен Теңіз Пірі бір-бір ағаштан басына жастанып ұйқыға кетіпті. Түн ортасында Аспан Пірі көзін ашып қараса, жастығының астындағы қураған ағаш сол қалыпты, ал Теңіз Пірінің жастығының түбінен әдемі гүл көрінеді. Аспан Пірі асқан ептілікпен ағаштарды алмастырып қояды да, қайтадан ұйқыға кетеді.  

Таң ағарып атқанда Аспан Пірі көрпесін түріп, тіл қатты:

- Міне, менің жастығымның түбіндегі ағаш гүлдеп тұр. Енді Адамның иесі мен боламын!

Сонда Теңіз Пірі ауыр күрсініп былай депті:

- Менің жастығымның астындағы ағаш қана гүлдеуі керек еді. Өйткені, менде ылғал бар  ғой. Сусыз гүлдеген ағашты бірінші рет көріп тұрмын... Демек, Адамзаттың өмірі де аса қайшылықты, түсініксіз болады. Енді бұл дүниеде ұрылар мен қарақшылардың сан түрі пайда болады. Енді әділетті адамдар емес, тек ұрылар мен қарақшылар ғана баитын болады. Адамзат бір-бірін қырып жойып, түтіп жеп, бірін-бірі тонайтын болады. Олар бүлдіруге, бұзуға бейім тұратын болады.

Ол осыны айтты да Теңізіне кетті. Содан бастап Аспан Пірі Адамға иелік ететін болыпты. Теңіз Пірінің болжамы да айна- қатесіз жүзеге асып келеді дейді...

Жапон тілінен аударған

Шарафат Жылқыбаева

 

Қатысты Мақалалар