"Қазақмыс" кенішінен ер адамның мәйіті табылды

/image/2022/11/18/crop-24_6_545x968_4445555555555.jpg

17 қарашада "Қазақмыс" корпорациясының кен орнында ер адамның мәйіті табылды. 40 жастағы ер адамды пышақтап өлтірген. 

Мәйіт "Қазақмыс" корпорациясына қарасты "Жомарт" кенішінен табылды. Өскемендік шахтер аталған кенішке іс-сапармен жіберілген.

"Қайтыс болған адам "Қазақмыс" жұмыскері емес. Өскемен қаласының мердігер компаниясының жұмыскері. Оқиға шахтаның астында емес, жер бетінде болған" дейді "Қазақмыс Холдинг" ЖШС қоғамдық байланыс және коммуникациялар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Дархан Мұхан.

Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша тергеу басталған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

"17 қарашада кеніш аумағынан зорлық-зомбылық белгісі бар 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды.  Қазір полицейлер күдіктілерді іздестіру үстінде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр" деп хабарлады Ұлытау облысы ПД баспасөз қызметкерлері.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар