Қарағандыда Үндістан азаматын ұрлап әкетіп, ақша бопсалаған Өзбекстан азаматтары ұсталды (видео)

/image/2022/11/24/crop-3_7_447x795_637f2c083d4af155189823.jpg

Қарағандылық полицейлер Үндістан азаматын ұрлап әкеткендерді ұстады, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

Қарағанды полициясына 27 жастағы Үндістан азаматы арызбен шағымданып, белгісіз біреулер күштеп автокөлікке отырғызып, Астана қаласына алып кеткені туралы хабарлаған. Елордада шетел азаматын пәтерге апарып, қорқытып, күш қолдану арқылы босату үшін 200 мың АҚШ долларын талап еткен.

"Астана қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірі анықталып, ол жерден бопсалау, адамды ұрлап әкету күдігімен жастары 26 мен 34 жас аралықтарындағы төрт Өзбекстан азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру және бопсалау баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар