"Дикий Арман" лақап атымен танымал қылмыс әлеміне белгілі Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылғы 7 қаңтарға дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
"Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Ж.-га қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылғы 7 қаңтарға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды", – деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.
"Дикий Арман" қаңтар оқиғаларынан кейін ұсталып содан бері қамауда отыр. Ол жаппай тәртіпсізді ұйымдастырды, заңсыз қару ұстады, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталып отыр. Қылмыстық іс материалдарын қолға түсірген сот істері туралы жазатын журналист Михаил Козачков Арман Жұмагелдиев бес жыл бойы Қазақстандағы қылмыс әлеміндегі оқиғаларға жауапты болғанын, оған ҰҚК-де істейтін кураторлары көмектескенін, ал қаңтар оқиғасына әзірлік 2021 жылғы жазда басталғанын айтады.
Пікір қалдыру