Ақтау маңында жанармай құйылған цистерна жарылуынан зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп жазады lada.kz порталы.
Басылым мәліметінше, жансақтау бөлімінде жатқан екінші адамның жағдайы ауыр.
"Өкінішке қарай, бір науқас қайтыс болды. Зардап шеккен екінші адам 1981 жылы туған азаматтың жағдайы ауыр. Дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін істеп жатыр" деп хабарлады Маңғыстау облыстық аурухананың баспасөз қызметі өкілдері.
Қайтыс болған азамат 1989 жылы туған.
Пікір қалдыру