9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу аясында жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері Мақсат Қожабаевты ұстағанын хабарлады.
"Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды", деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Қожабаев 2021-2022 жылдар аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болған.
Пікір қалдыру