Мәжіліс 2012 жылдан бері үш шақырылым бойы Аманат, Ақ жол және Қазақстан халық партиясы депутаттарынан ғана жасақталып келеді. Ел арасында бұл үрдіс биыл бұзылады, билік партиясына серік партиялар өзгереді, парламенттегі партиялар саны артады деген әңгіме бар. "Бойкотшыл" ЖСДП мен белсенділігі сайлау қарсаңында ғана білінетін "Ауылға" мәжілістен орын бұйыра ма, тіркеуден өткеніне көп болмаған су жаңа қос партия бірден заң шығарушы органға өкілін жібере ме? Құрметті оқырман, ойыңды білдіре отырыңыз.
Пікір қалдыру