Түркия елшісі: Қазақстанның 4 азаматы зілзала кезінде жоғалып кеткен

/image/2023/02/08/crop-10_4_440x783__128532255_6afa08082c78970c811f37b6cc7b342ec07848500_114_3500_19703500x1970.jpg

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін 4 қазақстандық жоғалып кеткен. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи хабарлады. Алайда ол бұл мәлімет әлеуметтік желіден алынғанын ескертті. 

"Түркияда болған жойқын зілзала кезінде жоғалып кеткендер арасында өкінішке қарай Қазақстан азаматтары да бар. Төрт адам хабар-ошарсыз кеткен деген дерекке қол жеткіздік. Бір жас қыз, блогер болуы мүмкін, Адана қаласында, үш кісі Хатай қаласында жоғалған. Алайда бұл ресми ақпарат деп айта алмаймын. Бізге бұл мәлімет әлеуметтік желілерден белгілі болды" деп атап өтті Төтенше және өкілетті елші.

Елші сондай-ақ жер сілкінісі болған аймақтарға 36 мемлекеттен 4 мыңнан астам құтқарушы жіберілгенін атап өтті.

Түркия мен Сирияның бірқатар провинциясында қатты жер сілкінісі болып, бүтіндей аудандар, қалашықтар бүлінген. Табиғи апаттан 13,5 млн тұрғыны бар 10 провинция зардап шеккен. Соңғы мәліметтер бойынша, қаза болғандар саны қос ел бойынша 8 мыңға жуықтаған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар