Бұған дейін мәжіліске мажоритарлық тәртіп бойынша кандидат атануға тырысқан журналисті округтік сайлау комиссиясы конституцияның "республика аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан болуы керек" деген 51-бабы 4-тармағына сай емес деп, тіркеуден бас тартқан.
Конституцияның дәл сол бабы мен тармағында соңғы он жылда ел аумағының бір жерінде тұрақты түрде тұрған болуы керек деген талап жоқ. Ол жерде "Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады" делінген.
Думан Мұхамедкәрім сайлау комиссиясының бұл шешіміне еш таңғалмайтынын, тіпті осылай боларын білгенін жеткізген. Дегенмен ол комиссия шешіміне байланысты сотқа шағым түсіретінін атап өтіп, комиссия шешімі өзгермесе, құжат тапсырған өзге белсенді азаматтарға ақпараттық тұрғыда қолдау көрсетуге әзір екенін айтқан.
Пікір қалдыру