Қазақстанда жұмыспен қамтылған 9 миллион адамның 6,9 миллионы жалдамалы қызметкер

/image/2023/02/13/crop-11_111_661x1175_6087983982d69536251864.jpg

Ұлттық статистика бюросы 2022 жылғы IV тоқсандағы жағай бойынша Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 9 млн адам жұмыспен қамтылғанын хабарлады.

Олардың 6,9 млн-ы (76,7%) жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам (23,3%) өзін-өзі жұмыспен қамтушылар.

Аптасына нақты жұмыс істеген сағаттар жалдамалы қызметкерлер арасында 41 сағат, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар арасында 34 сағатты құраған.

"Толық жұмыспен қамтылмағандар (жұмыс көлемінің төмендеуіне, жұмыс берушінің бастамасы бойынша, сырғымалы жұмыс кестесіне және басқа да себептермен аз жұмыс істегендер) саны алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 9,9% өсіп, 268,9 мың адамды, жұмыссыздар саны 456,1 мың адамды құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2023 жылғы қаңтар айының соңына 212,1 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Олар жұмыс күшінің 2,3%-ы" делінген бюро ақпаратында.

Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарға мал ұстап, аз-кем жерге дән егетіндеп, ұсақ саудада жүргендер, бала бағушылар, даяшылар, такси қызметін ұсынатындар жатады. Олардың зейнетақы жинағына жарна аударылып жатпағандықтан, кейін алатын зейнетқы мөлшері салыстырмалы түрде төмен болады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар