Түркияның Газиантеп провинциясындағы қала толығымен сүрілетін болды

/image/2023/02/14/crop-20_11_688x1223_srrlok43.jpg

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін Газиантеп првинциясындағы Нұрдағы қаласы толығымен сүрілетін болды.  Бұл туралы губернатордың міндетін атқарушы Осман Билгин мәлімдеген. 

Шенеунік қазір соңғы 8 үйде іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Содан кейін қала толықтай сүріліп, ғимараттар қайта салынатын болады. 

"Біз үлкен апатты бастан өткердік. Қала құрылысы министрі Куруммен бірге шешім қабылдадық. Барлық қоқысты тазалап, қаланы толық сүреміз, 100 пайыз. Қала қайта салынады. Біз көп адамнан айырылып қалдық. Дегенмен бұл апатқа да шамамыз келгенше қарсы тұрамыз", - деді Билгин.

Түркия мен Сириядағы зілзаладан бері 8 күн өтті. Ресми ақпарат бойынша, екі елде қаза тапқандардың саны 37 мыңнан асқан. Түркияда 31 643 адамның мәйіті табылса, Сирияда 4 614 адамның өлгені расталды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар