Алматы маңында қуаты 4,2 балдық жер сілкінісі болғаны хабарланды

/image/2023/02/14/crop-8_55_436x774_1631589018_news_b.jpeg

Сейсмоқауіпті аудандарда жерсілкінісін болжау мақсатында кешенді зерттеулер жүргізумен айналысатын  "Сейсмологиялық тәжірибе - әдістемелік экспидициясы" мемлекеттік мекемесі Алматы маңында жер сілкінісі болғанын хабарлады.

Жер сілкінісі 14 ақпан күні 16 сағат 00 минут 15 секундта тіркелген. Зілзала эпицентрі Алматыдан 71 шақырым жерде 25 шақырым тереңдікте орналасқан.

Дүмпудің энергетиалық класы 8.8, магнитудасы 4.2 балды құраған.

МSК-64 шкаласы бойынша зілзаланың сезілу деңгейі туралы дерек жоқ.

Мекеме мәліметінше, 12 ақпан күні Алматыдан 303 шақырым жерде қуаты 3,8 балл болатын жер сілкінісі тіркелген.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар