Қоғамдық қордың шапағаты

/image/2023/02/15/crop-1_282_562x999_060513033300.jpg

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек ретінде «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының атынан 500 000 доллар аударды. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи мен қор басшысының өзара кездесуінен кейін белгілі болды. Тараптар жер сілкінісінен кейінгі жағдайда «Салиқалы ұрпақ» қоры басқа да қандай көмек көрсете алатыны жөнінде кеңесті.

«Қиын кезеңге тап болған бауырлас Түркия халқына «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Біз жер сілкінісінен зардап шеккендерге 500 000 доллар аудардық. Қаражат алғашқы керек-жарақ заттар мен дәрі-дәрмек сатып алуға және өзге де қажеттіліктер үшін жіберілді. Бауырларымыз бен әпке-қарындастарымыз бастарына түскен қиыншылықты көп ұзамай еңсерсін деп тілейміз!» деді қор директоры Қасым Қасабеков.

«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры 2016 жылы қайырымдылық бағытта құрылған. Оның мақсаты халықтың осал топтарына білім беру және денсаулық сақтау салаларында көмектесуге негізделген. Осы уақытқа дейін қор қайырымдылық іс-шаралар мен акцияларға 1 миллиард теңгеге жуық қаржы аударған. Атап айтсақ:

  • Алматы және Алматы облысындағы мұқтаж отбасыларға 1000 ноутбук таратылды;
  • Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесе отырып, ел бойынша 3 мешіт салынды;
  • Коронавирус инфекциясымен күреске 150 миллион теңге бөлінді;
  • Мақтаарал ауданында болған су тасқынынан зардап шеккендерге 20 үй тұрғызылды;
  • Алматы және Алматы облысындағы мұқтаж отбасыларға 5 үй мен 5 пәтер берілді;
  • «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорына 1 миллиард теңге аударылды;
  • Алматы және Алматы облысындағы көмекке мұқтаж және көпбалалы отбасылардағы 2 000 оқушыға канцеляриялық заттарға толы рюкзактар таратылды;

2016 жылдан бері қор бастамасымен жетімдерге арналған «Береке үйі» ашылды. Бүгінге дейін 70-тен астам бала тәрбиеленді. «Салиқалы ұрпақ» 5 жылдан бері балаларға арналған лагерьлерде қайырымдылық спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізіп келеді. Сонымен қатар,  жыл сайын Алматы және Алматы облысы әкімдіктерімен бірлесіп, түрлі мәдени-сауықтыру бағытындағы бастамаларды ұйымдастырады.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркия еліндегі апатты жер сілкінісінен зардап шеккендерге жедел көмек көрсету үшін 1 миллион доллар қаржы бөлуді тапсырған еді. Жалпы, қазіргі уақытқа дейін қазақстандықтар Түркия тұрғындарына көмек ретінде 2 миллион 849 мың 836 доллар жинады. Барлық қаражат AFAD ресми шотына аударылды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар