Алматыдағы Құрлық әскерлері Әскери институтында 1 курс курсанты қайтыс болды, - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Курсанттың денесі оқу орталығының қарауылдық постынан табылған.
"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Құрлық әскері бас қолбасшысының орынбасары бастаған арнайы комиссия жіберілді. Қарулы Күштер басқармасы мен жеке құрам марқұмның туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201 бабына сәйкес тергеу мәліметтін жариялауға болмайды.
Пікір қалдыру