Экологиялық жағдай- жайлы және қауіпсіз өмір сүрудің кепілі.
Әсіресе, Атырау халқы үшін қоршаған ортаны оңалту шараларының қарқынды әрі нәтижелі жүргізілуі аса маңызды.
Бұл туралы бүгін кандидаттар Айгүл Әмірғалиева мен Абдолла Идресов «КТК К» АҚ ұжымымен кездесу барысында айтып, AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында осынау өзекті проблемаға қатысты қандай жұмыстар атқару жоспарда екенін жария етті.
«Жайықтың жағдайы жылдан-жылға нашарлап барады. Су қоры азайып, арнасы да тарылуда». Облыстың негізгі тіршілік көзі саналатын өзеннің соңғы жылдардағы ахуалына алаңдаған атыраулықтар осындай бағыттағы ой-пікірлерін ортаға салды.
Абдолла Хамиұлы AMANAT партиясы трансшекаралық өзен бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыруға мүдделі екенін жеткізді. Бұған қоса, Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасын тереңдету жұмыстарын жүргізуге ықпалдасу да AMANAT-тың алдағы 5 жылда алға қойған мақсаттарының қатарында.
«Сонымен қатар, суға батқан ірі габаритті заттарды көтеру үшін қаржы бөлу жұмыстарына ықпал ету – мақсатымыз. Жайық – облыс үшін үлкен мәнге ие. Өзен арнасы толығуы үшін заңсыз салынған бөгеттерді жою, сол арқылы су қорын молайтуға мүмкіндік туғызу секілді жұмыстар AMANAT партиясының алаңында үнемі көтеріліп келеді. Әлі де жалғастыра береміз» деді ол.
Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы
AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді
Пікір қалдыру