Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

/image/2023/03/09/crop-241_18_1806x2408_11111.jpg

19 наурызға тағайындалған сайлауға санаулы күндер қалды. Үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бүгін AMANAT партиясының облыстық сайлауалды штабының бір топ мүшелері «Атырау облысы Су Арнасы» КМК ұжымымен кездесті.

Атырау облысы – донор аймақ. Осы ретте республикалық алып қоюлардың көп екені, сол қаражат көлемін азайтып, облыстың өз қажеттілігіне жарату туралы мәселе аз айтылып жүрген жоқ. Аталған басқосу барысында бұл тақырып та талқыға түсті. Атырау

Еліміздегі жаңару мен жаңғырудың ұйытқысы саналатын AMANAT партиясы халықтың сұраныстарына негізделген «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жасақтады. Стратегиялық маңызы зор бағдарламада көптеген мәселелер, өзекті проблемалар толығымен көрініс тапқан. Іске асатын шаралар қоғамның кез-келген өкілдеріне лайықты. Осы мәселелерді атап өткен штаб мүшелері, кандидаттар AMANAT партиясының негізгі ұстанымдарын таныстырып, пікір алмасты.  

Атырау

Аталғандарға қоса, тариф бағасы, инфляцияға байланысты жалақының жоғарылауы қажеттілігі туралы мәселелер де көтерілді. Штаб мүшелері айтылған әр ұсыныс, жолданған сауалдардың назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы

AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар