Жетісу облыстық соты Серік Күдебаевқа халықаралық ізлеу жариялады. Ол сот үкімі шыққанға дейін Қазақстаннан қашып кеткен, деп хабарлады Tengrinews.kz
Шекара қызметі айыпталушының Қырғыстан арқылы Түркияға өтіп кеткенін мәлімдеген. Күдебаев осыған дейін болған үш сот отырысына да келмей, төртіншісіне мәжбүрлі түрде жеткізілген болатын.
Еске ала кетейік, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев Қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орнынан кетіп қалғаны үшін айыпталған еді.
Пікір қалдыру