Прокурор Жанболат Мамайды 6,6 жылға соттауды сұрады

/image/2023/04/04/crop-59_10_521x927_080859376400.jpg
Бүгін үйқамақта отырған Жанболат Мамайдың ісі бойынша жарыссөз басталды. Прокуратура Жанболат Мамайды айыпты деп тауып, шартты түрде 6,6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
 
Инга Иманбайдың айтуынша, прокурор Жанболат Мамайды  2011 жылы болған Жаңаөзен оқиғасын Алматыда қайталайды деп айыптаған. 
 
Сонымен қатар, оған 6 жыл бойы қоғамдық–саяси, журналистік қызметпен айналысуға, әлеуметтік желілерде сөйлеуге тыйым салуды сұраған.
 
Еске сала кетейік, Жанболат Мамай 2022 жылғы ақпан айында қаңтар оқиғасының 40 күндігіне орай өткен қаралы митингтен кейін ұзамай ұсталып, қарашаға дейін тергеу изоляторында қамауда отырған. Оған о баста жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, полицияға тіл тигізді, жалған ақпарат таратты деген айыптар тағылған. Былтыр қазан айының соңында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды деген жеңілірек айыпқа ауыстырылғаны белгілі болды. Ал 2 қараша күні сот оған қатысты бұлтартпау шарасын өзгертіп, тергеу изоляторынан үйқамаққа жіберген болатын. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар