Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап кейбір сыныптардың оқу бағдарламасына өзгеріс енгізіледі. Мектеп бағдарламасына өзгеріс енгізу туралы құжат "Ашық НҚА" порталына шығарылып, қоғамдық талқылауға ұсынылған.
Құжат бойынша биылдан бастап 2 сынып оқушылары "Көркем еңбек" пәнінің орнына "Еңбекке баулу" мен "Бейнелеу өнерін" оқиды. Ал "Шет тілі" пәні оқу бағдарламасынан алынып тасталады.
“Мектеп бағдарламасына өзгерту енгізудің басты мақсаты – оқушыға түсетін жүктемені азайтып, STEM білім беру тәсілдерінің негізінде жаратылыстану бағытындағы пәндердің оқытылуына ден қою. Бұл білім алушылардың әлеуметтенуі мен мамандануына да оң әсерін тигізеді. Оқушының тұрғылықты жері мен оқыту тіліне қарамастан, сапалы білім алуын қолжетімділікті еткіміз келеді”, – делінген құжатта.
Құжат 24 сәуірге дейін қоғам талқылауында болады.
Пікір қалдыру