Шілдеден бастап көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері артады

/image/2023/04/27/crop-16_5_510x907_5fadfd76e5d61.jpg

Шілде айынан бастап көпбалалы аналардың берілетін жәрдемақы мөлшері артады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

1  шілдеден бастап республикалық бюджеттен «Алтын алқа» алған, «Батыр ана» атағы бар, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін (25 530 теңге) өседі.

Тиісті норма ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар