2023 жылы 18 сәуірде Алматыда Қазақстанның саяси реформаларының іске асырылу барысын халыққа түсіндіру үшін сарапшылар даярлау жөніндегі республикалық Әдістемелік орталық аясында «Ұлттық бірегейлік және мемлекеттік тұрақтылық» атты республикалық онлайн-семинар өтті.
Іс-шараға белгілі қоғам қайраткері, «Тіл жанашыры» Асылы Осман, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аға оқытушылары, саясаттанушы Руслан Жақыпов пен «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының мүшесі Мурад Шамилов, өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар қатысты.
Онлайн-семинар барысында Ұлттық бірегейлік тақырыбы жан-жақты қаралып, оның даму кезеңдері туралы айтылды.
«Мемлекеттік тұрақтылығымыздың негізгі ұстыны – ұлттық және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру болып табылады. Әрбір қазақстандық азамат осы маңызды ұғымды өз бойынан өткізіп, сезініп, және қабылдаған жағдайда бүгінгі жаһандану кезеңінде біздің еліміз өз орнын нық иемденеді», – деді саясаттанушы Руслан Жақыпов.
Сонымен қатар қатысушылар ұлттық бірегейліктің бір ерекшелігі – тіл екендігін атап өтті. Олардың айтуынша, қоғамды ұйымдастырудың басты құралдарының бірі – мемлекеттік тілдің әлеуеті зор және оны үйрету мен қолдану аясын арттыру маңызды.
Айта кетсек, онлайн-семинар Алматы қаласындағы республикалық Достық үйі мен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Пікір қалдыру