Қаңтар оқиғасы бойынша тергеліп жатқан Әділет Ахыт тергеу изоляторында өз–өзіне шеге тығып алды. Айыпталушы бұл әрекетке ашынғаннан барғанын айтқан.
Әділет Ахыт тергеу әділетсіз өтіп, өзіне жала жабылғандығы үшін осылай жасадым деген. Ulysmedia.kz мәлімдеуінше, айыпталушы бұл жайында арыз да жазған.
"03.05.2023 жылы сағат 02.30 уақыт шамасында РГУ №67 мекемесінің №14 камерасында өзімнің ішіме шеге тығып, қол жұмсадым. Себебі 2022 жылы қаңтар оқиғасында ЖТТ тобында басталған маған қатысты қылмыстық іс бойынша прокурор Сүттібаев С, Наурызбаев Ш, Тергеуші Сыздықов Е, Сапар Қуаныш маған жала жауып, күдікті ретінде таныған үшін қамалып отырғаным үшін осы әрекетке барып отырмын. Осы жөнінде шара қолдануыңызды сұраймын. Сонымен қатар, РГУ №67 мекемесінің қызметкерлеріне арыз талабым жоқ", – делінген айыпталушының арызында.
Еске сала кетейік, Әділет Ахытқа Қылмыстық кодекстің 272 бабы 1 тармағы, 188 баптың 1,3 тармақтары бойынша айып тағылған.
Пікір қалдыру