Ипотека төлеушілер мен бірнеше қоғамдық бірлестіктер ұйымы митинг өткізді. Елбасының тапсырмасы негізінде қайта қаржыландыру жобасына 130 миллард ақша бөлінген болатын. Қарсылық білдіріп, митингке шығушылар бағдарламаның мүлдем жұмыс жасап тұрмағандығын ашына айтуда. Бұл туралы «Қамшы» порталы Total.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Аталмыш бағдарламаны қарызданушылардың қолдануына мүлдем мүмкіндік жоқ екен. Қарсылық білдірушілер петиция дайындаған:
«ҚР Президентінің мақылдауымен қарызданушының мәселесін қайта қаржыландыруға арналған бағдарламаның іске қосылғанына жарты жыл өтті. Белсенді ретінде қарызданушыларға мемлекет тарапынан көмек қажеттігін сегіз жылда әрең түсіндірген едік. Ұлттық банк тарапынан 12 мыңға жуық қарыздарлар қаржыландырылаған екен. Олар кімдер? Біз оларды Ұлттық банкпен келісіп алған деп есептейміз. Осы басшылардың «арқасында» қатардағы ұйым мүшелері мен белсенділердің мүддесі аяққа тапталып отыр. Қаншама адам бизнесінен, отбасынан, баспанасынан, денсаулығынан айрылды.Осыған қарамастан кейбір комиссия мүшелері бағдарлама сәтті жүзеге асып жатыр деп хабарлаудан ұяламайды. Анығында мәселесі басынан асып жатқан қарызданушының жағдайын неге қарастырмайды? Біз сенімімізді жоғалттық!»,-деп жазылған.
Митингіге шыққандар комиссия құрамына қоғамдық ұйымның белсенді мүшелерін енгізуді талап етті. Олар тұрғын үйлерді қайтарып беріп, пәтерден шығарып жәберуді тоқтату қажет деп есептейді.
Жиналғандар Ұлттық банктің басқарма төрағасының орынбасары Александр Терентьев шығып жауап бермесе, Сәтбаев көшесін жауып тастайтындықтарын айтқан. Полиция төрт белсендіні митинг өтіп жатқан жерден ұстап алып кеткен.
Айнұр Төлеу
Пікір қалдыру