Полиция Думан Мұхамедкәрімді қайта тұтқындады

/image/2023/05/29/crop-6_150_719x1278_photo_5442980589746636014_y.jpg

Полиция үш күн бұрын бостандыққа шыққан журналист Думан Мұхамедкәрімді қайта тұтқындаған.  Ол тағы да 25 тәулікке қамалды. 

Бұл туралы 28 мамырда адвокат Ғалым Нұрпейісов мәлімдеді. Азаттық радиосының хабарлауынша, алдағы күндері журналисттің сот отырысы өтеді.

Еске сала кетейік, Думан Мұхамедкәрім бұған дейін "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды” деп айыпталып, 25 тәулікке екі рет қамалып шыққан еді. Әлеуметтік желіде оның түрмеден жолдаған хаты тарап, қызу талқыған ұшыраған. Журналист соңғы рет 1 мамырда қамалып, үш күн бұрын босатылған болатын. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар