Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі қалалық және республикалық БАҚ арасында "Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы" тақырыбындағы үздік жарияланымдарға конкурс басталады.
Конкурсқа 2022 жылғы 1 маусымнан бастап 2023 жылғы 31 мамырға дейін (қоса алғанда) номинациялар бойынша эфирге шыққан немесе БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияланған жұмыстар қабылданады.
Өтінімдер мен жұмыстар 2023 жылғы 15 мамырдан бастап қабылданады (қоса алғанда).
Өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау 2023 жылғы 5 маусымда аяқталады (қоса алғанда).
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі негізгі номинациялар:
1) "Алмалы қала" - Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы сюжеттер циклі;
2) "Жұмыс және мереке күндері " - Алматы қаласының еңбекқор адамдары туралы баспа басылымындағы үздік материал;
3) "Айқара бет" - Қала өмірі туралы үлкен талдамалық материал (Алматы).
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қосымша номинациялар:
1) "Жемқорлық - індет, онымен күресу - міндет" - сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта БАҚ-тағы үздік жарияланым;
2) "Цифрлық Алматы" - мегаполистегі цифрландыру туралы сюжеттер, жарияланымдар, посттар, бейнероликтер;
3) "Нысана" - қаланың проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары туралы БАҚ-тағы жарияланымдар;
4) "Объективтегі қала" - Алматы қаласы туралы үздік фото жұмыс;
5) "Телеграм желісінде" - Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы телеграм-каналдағы үздік жарияланым.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімді (өтініш берушінің аты-жөні, БАҚ атауы, материалдың электрондық нұсқасы және материалға сілтемені (бір өтініш берушіден 3 материалдан артық емес), номинацияны, байланыс деректерін нақты көрсету) ағымдағы жылдың 5 маусымына дейінгі мерзімде Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің электрондық мекенжайына жіберу қажет: info@rsk.almaty.kz "Конкурсқа қатысамын" деген жазбаны қалдыру арқылы.
Байқау жеңімпаздары әр санатта бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталады.
Пікір қалдыру