"Енді мемлекеттік күзет қызметі Назарбаевтің қауіпсіздігіне жауап бермейді"

/image/2023/06/01/crop-0_83_675x1200_c92abf7c-c0b9-4c2a-9b41-73e7434c1fe5.jpeg

"ҚР Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" ҚР Президентінің Жарлығына өзгеріс енгізілмек.

Ашық НҚА порталында жарияланған Жарлық жобасы бойынша Мемлекеттік күзет қызметінің басты функциясы қатарынан ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталмақ.

Бұл өзгеріс "ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" ҚР Конституциялық заңының күші жойылуына байланысты енгізілген.

Жарлық жобасы 14 маусымға дейін ашық талқыда болады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар