Алматы облысының 360 градус форматындағы видеосын түсіруге 17 миллион теңге жұмсалмақ. Бұл тапсырыс мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған.
Тапсыыс бойынша Алматы шенеуніктері туристік нысандардың VR видеосын 17 млн теңгеге түсірмек. Ал мұндай форматтағы видео түсірушілер әдетте 50 мыңнан басталатын қаржы сұрайды.
Облыстың табиғи, тарихи, киелі және басқа да туристік нысандары бар бейнеролик 90 секундтан қысқа болмауы керек. Orda.kz мәлімдеуінше, видео қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде болуы қажет.
Тапсырыс критерийлері жоғары болғандықтан, алғашында оны ешқандай компания қабылдамаған. Сондықтан тапсырыс сайтқа екінші рет жарияланып отыр.
Пікір қалдыру